English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тағы атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты
09:37 / 2021-05-27

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында VTA теміржол кәсіподақ жиналысында ер адам оқ атты. Нәтижесінде 9 адам қайтыс болды, оның ішінде оқ жаудырған азаматта бар. Ол қылмыс жасағаннан кейін өзіне қол жұмсаған.

Los Angeles Timesгазетінің хабарлауынша, қылмыскер оқ атудан біраз бұрын өз үйін өртеп жіберген. Санта-Клара округінің шерифі Рассел Дэвис атыс кезінде көптеген адамдар жарақат алғанын айтты. Олардың саны қазірде анықталуда. Оқ атқан ер адам 50 жаста екені және оның үйінен бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылғаны белгілі болды. Бірақ оның не үшін бейбіт тұрғындарға оқ атқаны жайлы мәлімет әзірше белгісіз.