English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Президенті Өзбекстан Президентіне құттықтау жолдады
14:48 / 2023-03-20

-

Өзбекстан Республикасының Президенті

Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзиёевке

Құрметті Президент мырза!

Америка халқының атынан Сізге және Өзбекстан халқына Наурыз мейрамымен ең жақсы тілектерімізді жолдаймын.

Кейінгі бір жылда Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары ортақ мәселелерді шешу, халықтарымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында біріккен.

Осынау ояну мен жаңару маусымында АҚШ Өзбекстан халқына деген адалдығын қуаттайды. Бүгін біз жаңа белестерді белгілеп, берік бейбітшілік пен өзара түсіністік рухында ортақ болашақ жолындағы күш-жігерімізді жалғастыра, елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен халықтарымыз достығы одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.

Наурыз құтты болсын!

Құрметпен,

Джозеф Байден,

Америка Құрама Штаттарының Президенті