English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ пен Еуропа елдері Беларуссияның барлық рейстеріне тыйым салуға шақырды
07:57 / 2021-05-24

АҚШ Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Боб Менендес Чехия, Латвия, Германия, Литва, Ирландия, Польша және Ұлыбританиядағы әріптестерімен бірге Ryanair ұшағының Минскіге шұғыл қонуы мен болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, онда Беларусьтан келетін барлық рейстерге тыйым салуға шақырды.

«Біз Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымын (ICAO) мемлекеттер арасындағы еркін транзиттің айқын бұзылуын және авиацияға қауіп төндіруді дереу тергеуге шақырамыз», - делінген Менендес баспасөзі қызметі таратқан хабарламада.

Заң шығарушылар Беларусьтың ICAO -ға мүшелігін тоқтата тұруға және тергеу аяқталғанға дейін «Беларусьтан барлық рейстерге, соның ішінде елге ұшып келуге және ұшуға тыйым салуға» шақырды. 

Еске сала кетейік, 23 мамырда Грекия астанасы Афинадан Литва астанасы Вильнюске ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы шұғыл түрде Минскіге қондырылды және ұшақ бортында болған Беларусьтағы наразылық шараларын белсенді түрде жариялаған «Nexta» телегарм-каналының бұрынғы редакторы Роман Протасевич қамауға алынған болатын.