English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ: Байден штабы инаугурация туралы жариялады
15:20 / 2020-11-23

Американдық жетекші БАҚ беттерінде президенттік сайлауда жеңімпаз деп жариялаған демократ-кандидат Джо Байденнің ұлықтау рәсімін қысқартылған түрде өткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы оның көмекшісі Рон Клейн мәлімдеді, деп хабарлайды «Reuters» агенттігі.  

Клейннің айтуынша, инаугурация рәсімі 20 қаңтарда «әдеттегі дәстүрлер қысқартылған түрде» өтеді.-Біз адамдардың мерекелеп, тойлағысы келетінін білеміз және бұл сондай жасауға тұрарлықтай жағдай. Бірақ біз мұны мүмкіндігінше қауіпсіз өткізу жолымен жасағымыз келеді», -деген.

АҚШ президентінің инаугурациясы дәстүр бойынша Вашингтондағы Капитолийдің алдында өтеді. Салтанатты рәсімде сайланған президент ант беріп, сөз сөйлейді. Айтулы шараға көптеген көрермендер келеді, бірақ Клейн коронавирустық пандемия кезінде бұған жол беруге болмайтынын атап өтті.

3 қарашада өткен АҚШ-тағы президент сайлауы нәтижесі бойынша жеңімпаз әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен АҚШ-тың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары Байден жеңді деп жазуда.