English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple компаниясы үшінші күзгі тұсаукесерін өткізетіндігін жариялады
01:00 / 2020-11-03

ІТ комапияларының гиганты саналатын Apple 2020 жылда үшінші өнімнің тұсаукесерін өткізетіндігін жариялады


ІТ комапияларының гиганты саналатын Apple 2020 жылда үшінші өнімнің тұсаукесерін өткізетіндігін жариялады. Хабарламаға сәйкес, компанияның жаңа тұсаукесері 10 қарашада онлайн түрде өтеді.

iXBT.com технологиялық сайтының мәліметінше, компания биылдың өзінде өткізгелі тұрған үшінші тұсаукесерінде өзінің ARM технологиясына негізделген SoC процессорларында жұмыс істейтін жаңа Apple Silicon ноутбуктарын таныстырмақ. Бұл ноутбуктер компанияның 100 пайыз толықтай өзі жасаған процессорына негізделген алғашқы құрылғылар болады.

«Bloomberg» агенттігінің дерегіне сай құрылғы 13 дюймдік MacBook Pro болады деп күтілуде.

Бұған дейін, Apple компаниясы осы күзде екі презентация жасады. Алғашқысы қыркүйек айында өткен болып, онда жаңа Смарт-сағаттар мен iPad өнімінің презентациясы өтті және 13 қазанда жаңа 5G интернеті бар iPhone 12 смартфонын тарту еткен еді.