
Түркияның Анталия қаласында Өзбекстанның құрметті консулдығы ашылып, Бариш Гөкче елдің құрметті консулы болып тағайындалды.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 23 мамырда консулдықтың салтанатты ашылуына орай Бариш Гөкчеге консулдық куәлігі мен аккредиттік карталары табысталған.
Ашылу салтанатына Өзбекстанның Түркиядағы елшісі Алишер Азамходжаев, Анталия әкімінің орынбасары, бизнес және қоғам қайраткерлері қатысты.

«Құрметті консулмен Өзбекстанның экономикалық мүдделерін ілгерілету, елге түрік инвестицияларын тарту, жергілікті өнімді Анталия мен Түркия нарықтарына экспорттауға көмек, мәдени-гуманитарлық және басқа байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда көптеген елдер құрметті консулдық институтын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды тарту, сауда байланыстарын кеңейту, мәдени-гуманитарлық әлеуетті арттыру және туристер санын көбейту үшін тиімді қолданатыны белгілі.