English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Анголаның бұрынғы президентінің қызы мемлекеттен миллиардтаған доллар ұрлады деп айыпталуда
16:25 / 2020-07-07

Африканың ең бай әйелі Изабель душ Сантуштың елге жеткізген шығыны 5 млрд долларға бағаланған


Африканың ең бай әйелі Изабель душ Сантуштың елге жеткізген шығыны 5 млрд долларға бағаланған.

«Bloomberg» таратқан ақпаратта Анголаның бұрынғы президентінің қызы Изабель душ Сантуш аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған деген күдікке ілініп, үстінен бірнеше қылмысты іс қозғалған және үкімет тарапынан айтылған мәлімдемеде оның заңсыз әрекеті ел бюджетіне 5 млрд доллар шығын келтіргені баяндалған.

Ал қара құрлықтың ең бай әйелі Изабель өз атына қарата айтылған бұл айыптауларды жоққа шығарып, тергеу амалдары мен сот процесінің ашық түрде өтуіне келісім берген.

Оған қойылған айтыптардың бірі елдің «Sonangol» мұнай компаниясының қаржысын жымқырғандығы жөнінде қозғалған. Ол бұл қызметті 2016 жылдан 2017 жылға дейін атқарып, билікке жаңа басшы келгеннен кейін қызметінен босатылды. Қалталы экс-ханшайым бұл айтыптауларды мойындаудан бас тартып, биліктің мұндай әрекетін саяси себептермен байланыстыра үкіметтің «келісілген саяси шабуылы» деген.

Ақпан айында Португалия прокуратурасы елдегі Сантуштың жеке шоттарын блоктап, екі айдан кейін Лиссабонда сот оның NOS телекоммуникациялық компаниясындағы үлесін тәркіледі. Сонымен қатар, өткен аптада Португалия үкіметі Изабель душ Сантуштқа қарасты «Efacec Power Solutions» электр жабдықтарын өндіруші компанияның акцияларының 72 пайыздық үлесін бақылауға алды және қазір бұл активті сатып алушыны іздеуде.