English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Американың әскери-теңіз күштерінің десанттық кемесі өртенді
01:48 / 2020-07-13

«USS Bonhomme Richard» десанттық кемесі «Wasp» классындағы әмбебап ұшып қону жолақты палубамен жабдықталған болып, ол АҚШ әскери-теңіз күштері құрамына 1998 жылы қосылған


АҚШ-тың Сан-Диегодағы әскери-теңіз базасындағы «USS Bonhomme Richard» десанттық әмбебап кемесінде өрт шығып, бірнеше теңізшіні жарақаттады.

Жергілікті өрт сөндіру департаменті хабарламасында айтылуынша, әскери-теңіз күштерінің десанттық кемесіндегі өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Интернетте жарияланған суреттерде өрттің судан сөніп, кеменің өзі қара түтінге оранғаны көрінеді. Американдық басылымдардың жазуынша алдымен өрт шыққан сосын жарылыс болған. Соның нәтижесінде кемедегі 11 әскери қызметкерлер жарақат алып, қазірде оларға медициналық көмек көрсетілуде.

«USS Bonhomme Richard» десанттық кемесі «Wasp» классындағы әмбебап ұшып қону жолақты палубамен жабдықталған болып, ол АҚШ әскери-теңіз күштері құрамына 1998 жылы қосылған. Ұзындығы шамамен 250 мертді құрайтын, ені 43 метрден асатын алып кеме шамамен 1900 теңіз жаяу әскерін, 20 «Hurrier» жойғыш ұшағын және 46 «CH-46» тікұшағын тасымалдауға қабілетті. Кеменің өзі зениттік-зымырандық қарумен жабдықталған.