Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған
«Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі болған Фокер-100 ұшағы Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында қатнау шағында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 желтоқсан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:22-де «Бек Эйр» әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін орындаған, нөмірі 2100 Фокер-100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй алабына құлады. Аталған ұшақ бетон қоршауды бұзып, 2 қабатты нысанға соғылған.

Бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақ апатының нәтижесінде қазірге дейін қаза тапқандар саны 12-ге жетіп, осы оқиға салдарынан «Fokker 100» ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынған.
Орын алған оқыс оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, Twitter-дегі парақшасында «Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп мәлімдеген.