Александр Усик WBO тұжырымы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2022 жылдың үздік боксшысының есімін жариялады.
Бұл марапатқа WВO, WВA, IBF, IBO белбеуінің иегері Александр Усик лайық деп танылды. Аса ауыр салмақтағы украиналық спортшы Биыл бір жекпе-жек өткізіп, онда Энтони Джошуаны жеңді.
Ұсық 35 жаста. Ол кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен (оның 13-інде нокаутпен).