English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алдағы бес жыл Жер бетіндегі ең ыстық кезең болуы мүмкін
19:21 / 2021-05-27

Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) алдағы бес жыл Жер бетіндегі ең ыстық кезең болуы мүмкіндігін айтты.

Ұйымның мәліметінше, алдағы бес жылдың кем дегенде бір жылы ең ыстық деп табылған 2016 жылдың көрсеткіштерінен асып кету мүмкіндігі 90 пайызын құрайды.

ДМҰ болжамдарына сәйкес, осы бесжылдықтың әрқайсысында құрлықтағы және теңіз деңгейіндегі орташа температура өнеркәсіп алдындағы температурадан кем дегенде бір градусқа жоғары болады. 40 пайыздық ықтималдықпен ең ыстық жылы температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5 градусқа көтерілуі мүмкін. 

Метеорологиялық ұйымның басшысы Петтери Тааластың айтуынша, температураның көтерілуі «әлемдегі жылыжай газдар шығарындыларын азайтуды жеделдету туралы ескерту» болып табылады.