English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Аль-Хилал» клубы Мессиге 400 млн доллар жалақы ұсынды
12:46 / 2023-05-05

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси саудиялық клубтан жылына 400 миллион еуро жалақы алатын ұсыныс алды.

TodoFichajes басылымның мәліметінше, аргентиналық шабуылшы жақын достары мен туыстарына «Аль-Хилал» клубының ұсынысын қабылдайтынын айтқан.

Еске сала кетсек, Месси 2021 жылдың жазынан бері ПСЖ сапында. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін. Transfermarkt порталы ойыншыны 45 миллион еуроға бағалауда.

35 жастағы шабуылшы осы маусымда ПСЖ сапында 33 ойынға қатысып, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.