English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулла Арипов Қазақстан Премьер-Министрін құттықтады
23:10 / 2022-01-11

11 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтады.

Тараптар жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп жүзеге асыру, ашықтық, дәстүрлі достық пен тату көршілікке негізделген көп қырлы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі кеңейтуді жалғастыру сөз болды.

Өзбекстан Республикасы

Премьер-Министрінің баспасөз қызметі