Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов бастаған делегация 28 мамырда Минскіде өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хпабарлайды Dunyo ақпарат агенттігі.
ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, делегация басшылары Достастық аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасадады және келесі кездесудің күні мен орнын белгілейді деп күтілуде.
Сонымен қатар Үкімет басшылары жұқпалы аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл, ТМД елдерінің аумақтарын санитарлық қорғау және Достастықта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Кездесу аясында контрафактілік тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын-алу, геодезия, картография, кадастр және қашықтықтан зондтауды саласындағы ынтымақтастықты реттейтін құжатқа қол қою жоспарлануда.
Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаратын мемлекеттік (атқарушы) органдардың 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық тұжырымдамасы және оны іске асырудың негізгі шараларының жоспары бекітіледі деп күтілуде.
Бұдан бөлек, Қарулы Күштер офицерлерін жедел және стратегиялық даярлау саласындағы негізгі ұйым туралы, сондай-ақ жеке құрамды әртүрлі лауазымдарға тағайындау туралы шешімдерге қол қою көзделген.