Абдулазиз Камилов Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісін қабылдады

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Сауд Арабиясы Корольдігінің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хишам ас-Сувейлимді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екі жақты қатынастардың өзекті аспектілері мен болашақ бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады.
Осы жылдың 15-16 шілдесінде Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық конференциясына Сауд тарапының жоғары деңгейде қатысуына ерекше назар аударылғаны айтылады, СІМхабарында.