English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов Польшаның Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
14:24 / 2021-05-26

2021 жыл 25 мамырда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Польша Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Радослав Грукты қабылдады.

Өзбекстан СІМ мәліметінше, министр сенім грамоталарының көшірмелерін ала отырып, Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтады және оның кәсіби тәжірибесі мен білімі көп қырлы өзбек-поляк ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Келіссөздер барысында тараптар ашық және сындарлы екіжақты саяси диалогты сақтаудың маңыздылығын аттап, осыған байланысты әр түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шаралардың ұйымдастырушылық аспектілері қарастырды.

Солар қатарында, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту, екіжақты сауданы ұлғайту және аймақаралық байланысты жандандыру мен білім саласындағы серіктестікті тереңдетуге екі тараптың да мүдделі екендігі расталды.