АҚШ пен Иран арасында соғыс басталдыма?

Екі ел арасындағы қақтығыс АҚШ-тың Ирандағы елішлігіне жасалған қарулы шабуылдан басталып, Иран перзидентінен кейінгі кезекте тұрушы тұлғаның өлімімен аяқталған
Екі ел арасындағы қақтығыс АҚШ-тың Ирандағы елішлігіне жасалған қарулы шабуылдан басталып, Иран перзидентінен кейінгі кезекте тұрушы тұлғаның өлімімен аяқталды.
Қазір қос елдің арасындағы қатынас соғыс жағдайына тірелген сыңайлы, өйткені Иранның жоғары қолбасшысы, Ислам Революциялық Гвардиясының «Кудс» корпусының қолбасшысы генерал Қасым Сүлеймани қайтыс болғанына байланысты олардан кек қайтару мақсатында АҚШ-тың базаларына соққы беруін мәлімдеген.
АҚШ пен Иран арасын осыншалықты қақтығыс алаңына тіреген оқиға 31 желтоқсанда басталған. Онда Бағдадта орналасқан АҚШ елшілігі ғимаратына «Иран үкіметі қолдау көрсететін қарулы топ» тарапынан шабуыл жасалған. Елшілікке шабуыл жасауға Қасым Сүлеймани рұқсат еткен. Осы жағдайдан кейін Дональ Трамптың бұйыруымен 3 қаңтарға өткер кешінде «Кудс» корпусының қолбасшысы генерал Қасым Сүлеймани сапардан қайтып келіп Бағдад әуежайынан түсер кезде АҚШ тікұшағының зымыран соққысына тап болып қаза тапқан.
АҚШ департаменті басшысы Майкл Помпео бұл жағдайға байланысты Ираннан төнер кез-келген қауіпке дайын екенін мәлімдеп сұхбат берген. Ал Ирандағы америкалықтарды тез арада ол елден кетуі жайлы барлық әлеуметтік желілерде хабар таратылған.
Қазір Иранда генерал Қасым Сүлейманидің өліміне байланысты үш күндік аза тұту жарияланған.