English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ қор нарығының құлдырауы нәтижесінде Илон Масктың байлығы 10 млрд долларға азайды
00:50 / 2020-09-06

АҚШ қор нарығының құлдырауы нәтижесінде америкалық миллиардерлер қомақты қаржысынан айырылды


АҚШ қор нарығының құлдырауы нәтижесінде америкалық миллиардерлер қомақты қаржысынан айырылды.

«Forbes» басылымыныдағы ақпаратқа сай, апта соңындағы АҚШ фонд биржасында технологиялық акциялар бағасының құлауы меншік иелерінің капиталын миллиардтаған долларға қысқартты. Олар арасында ең көп қаржы жоғалтқан Илон Маск. Оның байлығы 10 млрд долларға жуық нақтырақ айтқанда 9,9 млрд-қа азайған.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша «Real-Time» рейтингінде Масктың капиталы 87,9 миллиард долларға бағаланған, ал миллиардер әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бесінші орында тұр.

Акциялар бағасының құлдырауы нәтижесінде басқа миллиардерлер де шығынға батты. Атап айтқанда, «Amazon» басшысы Джефф Безостың байлығы 5,8 млрд-қа азайып - 193,5 млрд долларға дейін төмендеді. «Facebook» негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 4 миллиард долларға қысқарып, қазіргі кезде оның байлығы 103,8 млрд долларға бағаланған.