English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ коронавирусқа қарсы күрес үшін Өзбекстанға тағы 3,9 млн доллар бөлді
13:51 / 2020-06-08

Бұдан бөлек тағыда 10 мың тест сынамаларына арналған 40 құтылы көмек жүгі бірнеше аптадан соң Өзбекстанға жіберіледі


АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігі Өзбекстанға коронавирусқа қарсы күрес үшін 3,9 млн доллар көлемінде қаржы бөліп, оған қосымша ретінде COVID-19 анықтаушы 15 мың тест сынамаларын берген.

Атаулы көмек жүгін тапсырарда Өзбекстандағы АҚШ елшісі Даниэл Розенблюм: Денсаулықсақтау министрлігімен жолға қойған ынтымақтастық жөнінде бастаған жұмысымыз арқылы біздер осынау қауіпті вирусты анықтау тетігін жақсартамыз, ауруға шалдыққандарды азайтып осылайша Өзбекстанда адамдар өмірін сақтап қаламыз, деген.

Бұдан бөлек тағыда 10 мың тест сынамаларына арналған 40 құтылы көмек жүгі бірнеше аптадан соң Өзбекстанға жіберіледі. Ал USAID агенттігі тарапынан берілген 3,9 млн доллар қаржы Өзбекстандағы зертханаларды кең ауқымды тестілеуге дайындау, медициналық мекемелерде инфекцияның таралуын болдырмау және бақылау, COVID-19-ға жедел әрекет етуді жақсарту, ауру жұқтырғандар жағдайын басқару жүйесін нығайту, вирусқа қатысты жалған ақпараттармен күресу және қоғамдық топтарды бірлесе жұмыс істеуге жұмсалмақ.