English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 спорт алаңдарындағы тестті жарыстар 2021 жылдың наурызынан бастап жалғасады
12:53 / 2020-11-24

Токио-2020 Олимпиадасының ұйымдастырушылары Жарыс алаңдарында тесттік сайыстарды келесі жылдың наурыз айында қайта бастауды жоспарлап отыр.

Ұйымдастыру комитетінің өкілі Хидемаса Накамура: «Біз Жапония үкіметімен және Токио әкімшілігімен бірлесе COVID-19 індетіне қарсы қалай күресу керектігі жайлы талқылаудамыз. Біз өз жұмысымызды келесі жылдың басынан бастап, наурызда сынақ жарыстарын өткізуді бастаймыз. 

Қазір әлемдегі вакцина туралы жаңалықтарды бақылап отырмыз. Осыған байланысты жағымды жаңалықтар бәрімізді қуантады деп айтуға болады. Алайда ол әлі ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан біз коронавирусты мүмкіндігінше тезірек анықтауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және спортшылармен және басқа да лауазымды тұлғалармен серіктестікті нығайтуға ден қойюдамыз» деген.

Еске сала кетейік, Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған.