English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
9 айда Өзбекстанға халықаралық ақша аударымдары арқылы 4,3 млрд доллар түскен
13:55 / 2020-10-10

2020 жылдың 9 айында халықаралық ақша аударымдары арқылы Өзбекстанға келіген қаржы көлемі 4,3 млрд долларды құрады


2020 жылдың 9 айында халықаралық ақша аударымдары арқылы Өзбекстанға келіген қаржы көлемі 4,3 млрд долларды құрады.

Орталық банктың мәліметінше, қыркүйек айында ақша аударымдарының көлемі 638 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға өскен. Бұл өз кезегінде халықаралық ақша аударымдарының теңгерімді екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, биыл қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында ішкі валюта нарығындағы кәсіпкерлер жалпы 10,7 миллиард долларлық валютаны сатып алған. Ал осы кезең аясында жеке тұлғалардың валюта айырбастау пункттері арқылы сатқан шетел валютасының көлемі 3,2 млрд долларға тең болып, олар 2,9 млрд доллар көлемінде шетел валютасы сатып алынған.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің кассаларындағы жеке тұлғалармен ақша айырбастау операциялары үшін қолма-қол шетел валютасының қалдығы 480-550 млн доллармен қамтылуда, делінген банк хабарында.

141.png
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы валюта саудасында АҚШ долларының сумға қатысты динамикасы. Осы аралықта ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 8,6 пайызға құнсызданған.