48-ші Халықаралық Эмми сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Американдық телевизия академиясының атақты Халықаралық «Эмми» сыйлығының 48-ші лауреаттары белгілі болды.
Телевизия саласының «Оскарына» баланатын атаулы сыйлықтың биылғы үздік актрисасы «Elizabeth is missing» фильміндегі 80 жасты әйел рөлін сомдаған Гленда Джексонға нәсіп еткен болса, үздік актер номинациясында «Responsible Child» туындысындағы 13 жасты Билли Баррат марапатталды.
48-ші реткі ұйымдастырылған Халықаралық сыйлықтың екі номинациясы бойынша «Netflix» жобасы жеңіске жетті: драмалық сериялда «Delhi Crime» картинасы, ал комедия жанры бойынша «Nobody’s Looking» фильмі үздік деп табылған.
Үздік деректі фильм номинациясында Сирия жайлы түсірілген «For Sama» туындысы марапатталған.