28 наурыздан бастап Ташкенттен Алматыға күн сайын рейстер жүзеге асырылады

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматыға тұрақты рейстер санын көбейтеді.
Компания сайты ақпаратында, 2021 жылдың 28 наурызынан бастап Ташкенттен Қазақстанның Алматы қаласына рейстер күн сайын жүзеге асырылатын болады.
Бұдан бөлек, Өзбекстан әуе нарығындағы жетекші компания 24, 28 және 31 наурызда Ташкент-Минск-Ташкент қосымша рейстерін жолға қойса, 29 наурыздан бастап Самарқанд-Ыстамбұл бағытында тұрақты рейстер ашылады және 30 наурызда Ташкент-Тбилиси-Ташкент бағытындағы рейстер қалпына келтіретінін хабарлаған.