English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2050 жылға қарай Оңтүстік Америка континенті көлеміндей жер жарамсыз халге тап болуы мүмкін – БҰҰ
10:10 / 2022-04-30

2050 жылға қарай Жер шарының Оңтүстік Америка континенті көлеміндей мөлшері жарамсыз халге тап болуы мүмкін.

БҰҰ-ның соңғы бес жылдағы жер жағдайын талдаған жаңа есебінде қазірге дейін жер бетіндегі топырақтың 40 пайызы өз сапасын жоғалтқан. Онда топырақ құнарлылығының жоғалуы негізінен қазіргі ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіндегі әдістерге байланысты екені айтылады

Қорытынды бойынша адамның әрекеті топырақ құнарлылығын төмендетіп, оның көмірқышқыл газын сақтау қабілетін және түрлердің жойылуына әкелгені жайлы айтылған. Қазіргі уақытта Жер шары халқының жартысы шөлейттенуден зардап шегуде.

Дүние жүзіндегі ауылшаруашылық жерлерінің 70 пайызын 1 пайыз шаруа қожалықтары бақылайды, ал барлық шаруа қожалықтарының 80 пайызы 2 гектардан аспайды. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға жыл сайын 700 миллиард доллар бөлінеді, бірақ оның 15 пайызы ғана табиғатқа оң әсерін тигізеді. Тамақ өнеркәсібі дүние жүзіндегі судың 70 пайызын пайдаланады. Азық-түлік өндірісінде қолданылатын әдістер, керісінше, шөлейттенудің 80 пайызын тудырады.

Егер бұл қалыптылық өзгермесе, 2050 жылға қарай қосымша 16 миллион шаршы шақырым жер деградацияға ұшырауы мүмкін. Бұл Оңтүстік Америка материгінің көлемімен бірдей.

Біріккен Ұлттар Ұйымы көбірек ағаш отырғызу, ауыл шаруашылығы жерлері мен жайылымдарды тиімді пайдалану арқылы шөлейттенумен күресуге шақырады.