English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2022 жылы Өзбекстанға 5,2 миллион турист келген
15:11 / 2023-01-21

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанға туристік мақсатпен 5,2 миллион шетел азаматы келген.

Статистика комитетінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 миллион адамға немесе 2,8 есеге өсткен.

Саяхаттау мақсатында келгендер арасында ең көбі көрші Қазақстаннан – 1,5 миллионнан астам.

2022 жылы Өзбекстанға мына елдерден ең көп азаматтары туристік мақсатпен келген:

  • Қазақстан – 1 млн 551,1 мың адам;
  • Тәжікстан – 1 млн 447,8 мың адам;
  • Қырғызстан – 1 млн 356,9 мың адам;
  • Ресей – 567,7 мың адам.

Сондай-ақ Түркия (75,6 мың), Оңтүстік Корея (19,9 мың), Германия (17,7 мың), Үндістан (16,8 мың), АҚШ (13,1 мың) және Франция (11 мың) азаматтары келген.