English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2022 жылы Өзбекстан әлемнің 204 елімен сауда байланысын жолға қойды
13:21 / 2023-02-01

2022 жылы Өзбекстан әлемнің 204 елімен сауда байланысын жолға қойды.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанның аяғында республиканың сыртқы сауда айналымы 50 008,4 миллион АҚШ долларын құрады, 2021 жылмен салыстырғанда ол 7 837,9 миллион АҚШ долларына немесе 18,6 пайызға өскен.

Сыртқы сауда айналымының салыстырмалы үлесі Ресей (18,6 пайыз), Қытай (17,8 пайыз), Қазақстан (9,2 пайыз), Түркия (6,4 пайыз), Корея (4,7 пайыз), Қырғызстан (2,5 пайыз), Германия (2,3 пайыз) елдерімен байланысты.

Агенттік мәліметінше, 2022 жылы аймақтар сыртқы сауда айналымы бойынша Ташкент қаласы бірінші орынға шықты – 19,5 миллиард АҚШ доллары. Кейінгі орындарда 5,6 миллиард долларды құраған Ташкент облысы мен Әндіжан облысы (4,3 млрд долларды) жайғасқан.