2022 жылғы Қатардағы Әлем чемпионатына вакцина алған жанкүйерлер ғана кіреалады
Футболдан 2022 жылы Қатарда өтетін әӘлем чемпионатына коронавирусқа қарсы екпе алған жанкүйерлер ғана бара алады. Бұл шешім ел шенеуніктерінің қолдауымен қабылданды.
Қатар премьер-министрі шейх Халид бен Халифа бин Абдулазиз Әл Танидің айтуынша, «2022 жылғы әлем чемпионаты басталғанға дейін көптеген елдер өз тұрғындарына вакциналай алады. Кейбір елдер бүкіл халыққа вакцина жасай алмайтынын ескерсек, Қатар толық вакцинацияланбаған жанкүйерлерді стадионға кіргізбейді».
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қатар жарысты тамашалауға келгендерге иммунитет қалыптастыру үшін 1 миллион дозада COVID-19-ға қарсы вакцина беру туралы келіссөздер жүргізуде.
Еске сала кетейік Қатардағы футболдан Әлем кубогы 2022 жылдың 21 қарашасынан 18 желтоқсаны аралығында өтеді.