2022 жылдағы вакцинацияның алғашқы күні Өзбекстанда 151 330 доза екпе қолданылды

2022 жылдағы вакцинацияның алғашқы күні 5 қаңтарда Өзбекстанда 151 330 доза екпе қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 5 қаңтар күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 151 330 доза вакцина қолданылған болып, оның 18 038 адам бірінші доза, 70 278 азамат екінші дозада, 63 014 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 39 355 263 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 856 664, ІІ компонентін 13 578 068, ІІІ компонентін алғандар 6 920 531 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті халықтың COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 87,9 пайыз, ал толықтай екпе алғандар 63,4 пайызды құрауда.