
Өзбекстанда 2022/2023 оқу жылынан бастап мектеп түлектеріне аттестат электронды түрде беріледі.
Мектепте білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан үдерістерді цифрландыру, шектен тыс бюрократиялық кедергілердің алдын алу, сондай-ақ оқушыларға қолайлылық жасау мақсатында 2022-2023 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілерге электронды аттестат беру тәртібі енгізілуде.
Үкімет қаулысымен жалпы орта білім туралы электрондық аттестатты беру тәртібі жөнінде ереже бекітілді.
Бұл ретте электронды сертификаттар платформасы (e-shahodatnoma.uz) әзірленіп, тиісті министрлік және ведомстволардың электронды деректер базасына интеграциялануда.
Осылайша, мектеп бітірушілер аттестатты өзімен бірге алып жүруге міндетті болмайды. Жоғары оқу орнына құжат тапсыру үшін Білім мен дағдыны бағалау агенттігінің (бұрынғы DTM) «ABITUR» бағдарламасына біріктірілген құжаттарды онлайн тапсыруға болады.
Сонымен бірге, түлектер туралы ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ол Әділет министрлігінің Азаматтық хал актілерін тіркеу департаменті және Жекешелендіру агенттігімен интеграцияланатын болады.
Электронды аттестатта QR-код басып шығарылады және оны кез келген уақытта электронды платформа арқылы тексеруге немесе жоғалған жағдайда қайта куәлікті алуға әуре болмай, лезде электронды базадан қайта жүктеп алуға болады.