
Өзбекстанда 2022/2023 оқу жылынан бастап магистратурада білім алатын барлық қыз-келіншектер тегін оқиды.
«Отбасы мен қыз-келіншектерді жүйелі қолдау жөніндегі жұмысты одан әрі жеделдету шаралары туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.
Осыған орай 2022/2023 оқу жылынан бастап магистратурада білім алатын барлық қыз-келіншектердің оқу ақысы мемлекет тарапынан төленеді және жыл сайын бұған кемінде 200 миллиард сум бөлінеді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындары, колледж бен техникум, сырттай және кешкі оқу бөлімдерінде оқитын қыз-келіншектердің оқу ақысын төлеуге 7 жылға пайызсыз несие беру үшін банктерге жыл сайын бюджеттен 1,8 триллион сум ажыратылады.
Бұдан бөлек, шетелдік жоғары оқу орындарына бакалавр дәрежесіне – 50, магистратураға үшін – 10 әйелдер қауымына жыл сайын «Эл-юрт умиди» қоры арқылы қосымша гранттар берілетін болады.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бюджеттік ұйымдарды қоспағанда, барлық заңды тұлғаларда соңғы 6 айда үздіксіз жұмыс өтілі бар әйелдерге ай сайынғы тұтыну шығыстарының ең төменгі мөлшері негізінде бюджет қаражаты есебінен жүктілік және босану бойынша жәрдемақы төленетін болады.