
Келесі жылдың шілде айынан бастап Өзбекстанда башылар мен қызметкерлердің семіздік деңгейі мен салмақ индексін бақылайтын онлайн жүйе іске қосылатын болады.
Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту жұмыстары жайлы талқыланып, бірқатар мәселелер нақтыланды.
Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап министрлік, ведомстволар, кәсіпорындар, ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және қызметкерлерінің антропометриялық көрсеткіштерін (семіздік, салмақ индексі), басқа да ауыр сырқаттарын күрт азайту, денсаулықты нығайту бойынша критерийлері әзірленіп, оны рейтинг негізінде талдау және онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республика аймақтарына экспедициялар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарының тарихын зерттеу негізінде «Өзбекстан Республикасының ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындарының энциклопедиясы» дайындалып баспадан шығарылады.
2021/2022 оқу жылынан бастап жалпы білім беру сағаттарының шеңберінде дене шынықтыру барлық сыныптарда аптасына 2 сағаттан оқытылатын болады.