English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021-2022 оқу жылынан барлық аймақтарда Президент мектептері ашылатын болады
18:53 / 2021-01-07

Өзбекстан аумағында қазіргі таңда 4 Президент мектебі балаларға білім беруде.

Министрлер Кабинеті жанындағы Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігінің ақпараттық қызметінің жетекшісі Анвар Умаровтың мәліметінше, 2021-2022 оқу жылынан барлық аймақтарда Президент мектептері ашу жоспарланған.

Оның айтуынша, 2020 жылы Бұхара, Жыззақ, Қаршы, Самарқанд және Ферғанада Президент мектептер салынып, 2021 жылы Әндіжан, Науаиы, Сұрхандария, Сырдария және Ташкент облыстарында салу көзделген.

Қазіргі таңда Өзбекстан аумағында Президент мектептері Қарақалпақстан Республикасы, Наманган және Хорезм облыстары мен Ташкент қаласында балаларға білім беруде.