English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020 жылда Өзбекстан мақта экспортын шектейді
17:32 / 2020-01-07

Бұдан көзделген мақсат өнімді елде өңдеп оның бағасын арттыру арқылы экспортқа шығару


Мемлекетте тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап мақта шикізаты экспорты тоқтатылып, оны ел аумағында өңдеу кезеңі басталады.

Бұдан көзделген мақсат өнімді елде өңдеп оның бағасын арттыру арқылы экспортқа шығару яғни мақта шикізатын қайта өңдеп, жіп етіп иіргенсоң қосымша құн салығын қоса қымбатқа сату, дейді Экономика министрлігі өкілі Қуанышбек Мустафоев.

Қазіргі таңда тоқыма өнімдерімен Европа Одағы нарығына кіру өте тиімді, өйткені әлем бойынша Европа базары дайын киім және тоқыма бұйымдарына негізгі саудагер саналады. Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов Брюсселге жасаған сапары аясында ЕО-ның Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Фил Хоганмен өткен кездесуде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру мәселесін талқылаған болатын. Сол кездесуде Европалық Одақ Өзбекстанға GSP+ бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам тауарды баж салығынсыз импорттауға көмектесуге дайын екендігін айтқан. Ал, ЕО Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе, қосымша ретінде 5 миллион еуро қаржы грант бөлетін болады.