2020 жыл 1 қаңтардан БОДИКАМЕРАЛАР іске түсірілмек

Атаулы бейнекамералардың қазіргі уақытта 6193 данасы сатып алынған
Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде болған баспасөз маслихатында, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі келер жылдан бастап жүзеге асырылатын жұмыстар мен мемлекеттік жол қауіпсіздігі саласындағы реформалар турасындағы ақпарат пен бөлісті.
Онда, келер жылдың алғашқы күнінен бастап қолға алынар маңызды жұмыстың бірі Жол патрулдік қызметшілердің (ЖПҚ) бейнекамераларда жұмыс істеуі айтылып, бұл бақылау жымыстары 24 сағаттық тәулік бойы 8 сағат жұмыс жасайтын болады.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 11 ай аралығында республика бойынша жол ережесі бұзылуы салдары 11,9 пайызға азайған (8077 ден 7115-ге) болса, осы оқиға салдарынан қаза болғандар санының көрсеткіші 11,6 пайызғадейін (2066 дан 1826-ға) төмендеген екен.
Қытайдың «Хайтера» компаниясынан атаулы бейнекамералардың қазіргі уақытта 6193 данасы алынған болып, Қарақалпақстан Республикасына 200 дана, Ташкент қаласына 2876, Әндіжан облысына 187, Бұқара облысына 212, Жыззақ облысына 188, Қашқадарияға 236, Науаиы облысына 185, Наманганға 184, Самарқандқа 341, Сұрхандаря облысына 203. Сырдария облысына 183, Ташкент облысына 432, Ферғана облысына 289, Хорезм облысына 191 данадан бөлініп, 193 данасын арнайы қорда сақталған.