2 ақпаннан барлық облыстардағы газ құю бекеттері қалпына келтіріледі

2023 жыл 2 ақпаннан бастап Өзбекстанның барлық облыстардағы автокөліктерге газ құю бекеттері кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бүгінде газ құбырларындағы қысымы қалыпқа келгенінің нәтижесінде енді үйлер мен әлеуметтік нысандарды бір мезгілде көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туды.
«Осы жылдың 2 ақпанынан бастап жергілікті әкімшілік басқару органдары ұсынған тізім бойынша газ құю бекеттерінің жұмысы кезең-кезеңімен басталады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «газ-заправкалардың» жұмыс істеу мерзімі газ құбырларындағы қысымның жоғарылауына байланысты өзгеріп баратыны айтылған.
Еске салар болсақ, Өзбекстан аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде табиғи газды тұтынудың күрт өсуі байқалған еді.