English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
10 айда Өзбекстан сыртқы нарыққа 43 млн долларлық маш өнімін экспорттады
17:25 / 2020-11-20

2020 жылдың 10 айында Өзбекстан сыртқы нарыққа құны 42 млн 932 мың долларды құрайтын 48 422 тоннадан астам маш экспорттады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44% өсіп, 14,8 тоннаға артқан. Соның нәтижесінде экспорттан түсетін валюталық сомма 78% жоғары немесе 18,8 миллион долларға көбейген.

Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметінше, маштың 46 пайызы Қытайға, 32 пайызы Пәкістанға және 8 пайызы Ауғанстанға экспортталған. Осы елдер қатарында экспорт көлемі Нидерландыға 18 есе, Германияға 14 есе, Тәжікстанға 11 есе өскені айтылған.

Осы жылдан бастап Өзбекстан ауылшаруашылығында жетістірілген өнім алғаш рет Бельгия, Катар, Тайвань, Әзірбайжан, Австралия және Корея Республикасына экспорттай бастады.