1 маусымнан бастап азаматтардан белгілі бір құжаттарды талап ету жойылады

Өзбекстанда азаматтардың қызметін жеңілдету мақсатында 2021 жылдың 1 маусымнан бастап белгілі бір құжаттарды талап ету міндеті жойылады.
Мемлекет басшысының қаулысына сай, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік қауымдастықтар, жергілікті атқарушы билік органдары, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің тұрғындардан, оның ішінде кәсіпкерлерден келесі фактілерді растайтын құжаттар енді сұралмайды:
- психиатриялық диспансерлік есепте тұрғандық немесе болмау;
- наркологиялық диспансердің есебінде бар-жоғы;
- сотталғандық;
- мекен-жайы туралы ақпарат;
- азаматтың атында жеке үй бар ма;
- тұрғын үй алаңы;
- салық қарызы жайлы анықтама;
- салық төлеушілерді мемлекеттік салық қызметінде тіркеу;
- зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері;
- зейнеткер немесе жәрдемақы алушылар тізімінде бар-жоғы;
- неке тіркелгені, некеде тұрмаған немесе ажырасқандық жайлы анықтамалар.
Мемлекеттік және экономикалық басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің және жергілікті мемлекеттік органдардың жеке тұлғалардан осы құжатты немесе ақпаратты ұсынуын талап ету мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзу болып табылады.
Сондықтан мемлекеттік және экономикалық басқару органдары, ұйымдар тәуелсіз түрде қажетті құжаттарды, «электрондық үкімет» жүйесінің ведомствоаралық интеграция платформасы арқылы алатын болады.