English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда мұғалімдердің жалақысы айтарлықтай өседі
14:33 / 2019-07-15

Халқаралық пресс-клубтың кезекті бағдарламасында «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайындағы» Президент жарлығы талқыланды.


Халқаралық пресс-клубтың кезекті бағдарламасында «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайындағы» Президент жарлығына байланысты арналған сессияда халыққа білім беру министрінің орынбасары Темуржон Комилов мұғалімдердің айлық жалақысы жайында айтып өтті.

Темуржон Комиловтың айтуынша, 2016 жылда бірінші санаттағы оқытушылар 980 мың сум, директор қоры тарапынан төленетін ынталандырушы сыйақы мен қоса алғанда 1 миллион 200 мың сумға жақын ақша алатын еді. Биылғы жылдан бастап осы санаттағы мұғалімдер салықтардан сырттай 2 миллион 600 мың сум айлық алуда.

Мемлекет басшысының «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайындағы» жарлығы алдынан жоспарланған тәртіпке байланысты, мұғалімдердің айлық жалақысында айтарлықтай өсім байқалады. Алдағы уақытта жоғары санатты мұғалімдер еңбегіне жараса 3,2 миллион сумға шейін айлық алуы белгіленіп отыр.