English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Өзбеккино» атауы Кинематография ұлттық агенттігіне айналуы мүмкін
11:47 / 2020-07-27

19 тамызды «Өзбекстан кинематографистері күні» деп жариялау туралы Агенттік ұсынысы мақұлданған


Өзбекстан кино өнерінің қарашаңырағы болып табылатын «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің атауы Кинематография болып өзгерүі мүмкін.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысының елдегі кино саласын дамытуға арналған 2020-2030 жылдардағы қаулысында көрсетілген болып, онда «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің атауын «Кинематография» атауына өзгерту белгіленген.

Сонымен қатар кинематографияның әлеуметтік-рухани өмірдегі рөлі мен осы саладағы мамандарды қолдау мақсатында 19 тамызды «Өзбекстан кинематографистері күні» деп жариялау туралы Агенттік ұсынысы мақұлданған.

Бұдан бөлек киноөндіріс индустриясына шетелдік инвестицияларды тарту, шетелдік және ұлттық кинокомпанияларға қолайлық жасау мақсатында сахналық көріністер мен алаңдар құру, жастарды киноөнер саласына қызығысын арттыру және білім беру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы, Ташкент, Бухара, Ферғана (Қоқан), Самарқанд және Хорезм облыстарында кино қалашықтары салынатын болды.