Өзбекстандықтар екі айда медицинаға 3,5 трлн сум жұмсады
2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында Өзбекстанда денсаулық сақтау қызметтерінің көлемі 3,55 трлн сумды құрады.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға артқан.
Мәліметке қарағанда, қызметтер құрылымында ең үлкен үлес басқа түрдегі медициналық қызметтерге тиесілі болған. Олардың жалпы үлесі 52,1 пайызды құраған.
Сондай-ақ, аурухана мекемелерінің қызметтері 30,7 пайызды, ал медициналық практика мен стоматологиялық қызметтер 17,2 пайызды құраған.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Ташкент қаласына тиесілі — 1 642,3 млрд сум.