Өзбекстандық студенттер «NovAssistant» универсалды роботын жасады
Шетелде оның орташа бағасы 180 млн сум көлемінде болып, ал өзбекстандық студенттер жасаған роботтардың орташа құны 25-45 млн сумды құрайды
Ташкнеттегі Турин политехника университетінің студенттері «NovAssistant» универсалды роботын жасады.
Инновациялық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жобаны жасаушылардың айтуынша робот медицина, кәсіпкерлік, білім, туризм сынды салалардағы күнделікті міндеттерді орындауға және адамдармен қарым-қатынас жасай тұрып өз сезімдерін білдіре алады. Оны кеңседе немесе үйде көмекші ретінде пайдалануға болады.
Жоба жетекшілері тапсырыс берушілердің қалауына сай роботты кез-келген көріністе жасайды және оны мобилді қосымша немесе дауыс арқылы басқару мүмкіндігі бар болып, жасанды интеллект, адамды тану, бөлмедегі жабдықты басқару сияқты қосымша функцияларды да жасауға болады, дейді.
Шетелде осы сынды роботтардың орташа бағасы 180 млн сум көлемінде болып, ал өзбекстандық студенттер жасаған роботтардың орташа құны комплектациясына байланысты 25-45 млн сумды құрайды.