Өзбекстанда интернет пайдаланушылар саны 31 миллионнан асты
Өзбекстанда интернет қызметін пайдаланушылар саны 31 миллионнан асты.
Бұл туралы 14 желтоқсанда Олий Мажлистің заң шығару палатасында өткен кезекті «Үкімет сағатында» айтылды.
Ондағы дерекке сай, республика аумағында мобильді интернетті пайдаланушылар саны 29,5 миллионды құраған.
Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Ш.Шерматовтың айтуынша, интернет жылдамдығын арттыруға, 2021 жылдың басымен салыстырғанда операторлар мен провайдерлер үшін интернет қызметтерінің тарифі 25 пайызғаға төмендеген.
«2020 жылдың соңына қарай кең жолақты интернетке 2,7 млн пункт, ал соңғы екі жылда қосымша 1,7 млн кең жолақты порттарды орнату нәтижесінде барлығы 4,4 млн үйді, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен әлеуметтік сала объектілері кең жолақты интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды», деген министр.
Соңғы екі жылда қосымша 22 300 базалық станция орнатығанының нәтижесінде, олардың жалпы саны бүгінде 54 мыңға жеткен.