Өзбекстанда алдағы күндері аптап ыстық болады
2025 жылдың 17–19 шілде күндері Өзбекстан аумағына оңтүстіктен аптап ыстық ауа ағымы келуі күтіліп отыр.
Ауа райы мамандарының хабарлауынша, осы күндері күн райы ыстық болмақ.
17 шілде күні республиканың солтүстігі, оңтүстігі және шөлді аймақтарында күн күрт ысиды.
18–20 шілде аралығында Өзбекстанның басым аумағында сынап бағанасы +40...+43°C-қа дейін көтерілмек.
Ал еліміздің шөлді өңірлері мен оңтүстік шекараларында аптап ыстық +44...+45°C-қа жетуі мүмкін. Жел екпіні 13–18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғып, көз аштырмас қалың тозаң болуы да ғажап емес.
Дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі ел азаматтарын шектен тыс күн астында көп жүрмей, су ішуді көбейтіп, денсаулыққа мұқият болуға шақыруда.