Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапарын аяқтап, Ташкент қаласына қайтып оралды.
Өзбекстан басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысып, онда маңызды бастамалар көтеріп, ұйым аясындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыттарын айқындап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Өзбекстан тарапынан салынған мешітті барып көрді және делегациялар басшыларымен бірлесіп Түркістанның көрікті орындарымен танысты.


Саммит аясында Өзбекстан басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесулер өткізді.