Өзбекстан Президенті Әзербайжанның экономика министрін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 шілде күні елімізге жұмыс сапарымен келген Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микаил Джаббаровты қабылдады.
Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын, ең алдымен, сауда-экономикалық бағытта одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15 пайызға артса, биылғы жылдың өткен кезеңінде өсім шамамен 40 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта құрылыс, энергетика, геология, логистика, қаржы, отын-энергетика, тоқыма өнеркәсібі, туризм және басқа да салаларда, соның ішінде бірлескен Инвестициялық компанияның қатысуымен кооперациялық жобалар жүзеге асырылып келеді.
Кездесуде алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің экономикалық күн тәртібін жан-жақты әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

Осы тұрғыда бүгін өткен Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің отырыстарының қорытындылары жоғары бағаланды. Сондай-ақ екі ел өңірлерінің алдағы форумын нәтижелі өткізу қажеттігі айтылды.