Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Грузияға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің шақыруымен 2 шілде күні мемлекеттік сапармен Тбилиси қаласына барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Грузия астанасында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді.

Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Грузия арасындағы достық пен көпжақты серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Сапар бағдарламасында мәдени-гуманитарлық іс-шараларға қатысу да жоспарланған.