Өзбекстан Президенті Астанаға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 21 сәуір күні жұмыс сапарымен Қазақстанға барады.
Мемлекет басшысы ертең Қазақстан астанасында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке және Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.