Өзбекстан мен Үндістан өнеркәсіптік әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті
Өзбекстан мен Үндістан өнеркәсіптік әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Қырғызстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер өнеркәсіп министрлерінің IV отырысы аясында Үндістанның Өндіріс және өнеркәсіп министрі Харданахалли Девегоуда Кумарасвамимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар геология, тау-кен өнеркәсібі, стратегиялық маңызы бар минералдарды өндіру, көмірді газдандыру, атом энергетикасы және өнеркәсіптік кооперация бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Әсіресе, Үндістанның жетекші компанияларын Өзбекстандағы перспективалы кен орындарын игеру мен металл өңдеу жобаларына тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар биылғы 18 маусымда V Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында өтетін Өзбекстан–Үндістан Үкіметаралық комиссиясының 14-отырысына дайындық барысын қарастырды.
Келіссөздер соңында екі ел өкілдері бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарқынын жеделдетуге және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтуге бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізді.