Өзбекстан мен Германия Президенттері Құрметті қонақтар аллеясында ағаш отырғызды
Өзбекстан мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер аяқталғаннан кейін Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Франк-Вальтер Штайнмайер ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
«Куксарай» резиденциясындағы Құрметті қонақтар аллеясында отырғызылған ағаш Өзбекстан мен Германия халықтары арасындағы нығайып келе жатқан достықтың, өзара сенім мен түсіністіктің символына айналды. Бұл игі дәстүр екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ұмтылысты айшықтай түсті.


