Өзбекстан – Беларусь: сауда-экономикалық байланыстар кеңейтіледі
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика Кеңесі жанындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия мүшелерінің онлайн форматтағы кездесуі өтті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы достық әрі өзара сенімге негізделген қатынастарды нығайту, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық байланыстарды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды парламенттік қолдау мәселелерін жүйелі түрде қарастыру үшін комиссия отырыстарын тұрақты өткізу қажеттігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар парламентаралық диалогты тереңдету және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаласты.